Қазақстандық комедия жанрының актері, шоумен Нұртас Адамбайға қатысты іс Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.
Сот кабинетінде айтылғандай, Нұртас Адамбайға ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда, айыптау ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, ғимараттарды ғибадат үйлері етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзуға қатысты.
Егер ол сотталса, онда 50 АЕК (185 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тиіс.
Іс Бүгін, 1 тамызда қаралады. Отырыс WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция ретінде онлайн өтеді.