BANNER

Қарағанды облысында жасөспірім Қызыл кітапқа енген құсты интернет арқылы сатуға тырысқан

Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында жасөспірім Қызыл кітапқа енген құсты интернет арқылы сатуға тырысқан, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді қарау кезінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген дала бүркітін 400 мың теңгеге сату туралы хабарландыруды анықтады.

Полиция қызметкерлері хабарландыру авторын, яғни 17 жастағы тұрғынды анықтады. Жас жігіттің айтуынша, ол құсты даладан тауып алған және оның жойылып кету қауіпі санатына жататынын білмеген. Содан жас жігіт интернет-ресурстардағы бағаларды көріп, хабарландыру жариялады.

Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлеріне заңсыз қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайлар анықталғанға дейін дала бүркіті Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына уақытша сақтауға берілді.