BANNER

Нариман Курбанов 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).