BANNER

Ұлытау облысында алты жасар бала төртінші қабаттан құлап түскен

Фото: ТЖМ

Ұлытау облысында алты жасар бала төртінші қабаттан құлап түскен, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі massaget.kz-ke сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында болған.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр 

ТЖМ тағы да еске салады:

бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;

терезелерге блокаторларды орнатыңыз;

терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;

москит торлары құлап кетуден сақтамайды.