BANNER

Елдос Сметов бастаған қазақстандық дзюдошылар елге оралды

Фото: nur.kz

Олимпия ойындарының чемпионы Елдос Сметов елге оралды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды.

Естеріңізге салсақ, Парижде өтіп жатқан Олимпия ойындарында барша Қазақстандықтар тарихи жеңістің куәсі болды. Дзюдодан екі бірдей қандасымыз жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жекелей сында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Елдос елімізге Париж Олимпиадасының алғашқы алтынын сыйлады.

Ал, 66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік үштікті түйіндеді.