Қазақстан 12-16 тамыз аралығында Ресейдің Новосибирск облысындағы «Горный» полигонында өтетін «Кобальт-2024» әскери жаттығуларына қатысады.
Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ ұжымдық күштерін оқыту аясында ұйымдастырылып, оған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, ішкі әскерлер, сондай-ақ есірткіге қарсы күрес, авариялық-құтқару және өрт сөндіру қызметтерінің арнайы жасақтары кіреді.
Жаттығулардың бірінші кезеңінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары жедел және жауынгерлік тапсырмаларды шешеді. Бұл ретте командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Екінші кезеңде тактикалық атыс бойынша жарыстар мен арнайы жасақтың практикалық операциялары өтеді. Жаттығулардың белсенді кезеңіне ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысады.