BANNER

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті 

olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық сынына өту үшін бар күшін салады.