Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Нариман Құрбанов Алматыға келді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі El.kz-ke сілтеме жасап.
Алматы тұрғындары мен БАҚ өкілдері спортшылар мен бапкерлерді сән-салтанатпен күтіп алды.
Айта кетейік, 27 шілде күні Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында қола жүлде жеңіп алған еді.
Ал Нариман Құрбанов 3 тамызда тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, күміс медаль еншіледі.