Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасында алғашқы белдесуін өткізді, - деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап
Грек-рим күресінен 87 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің 1/8 финалында Нұрсұлтан Тұрсынов мысырлық спортшы Мохаммед Метвалимен күресті. Бұл белдесуде қазақстандық балуан мерзімінен бұрын 9:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін, 7 тамызда қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында Жапония спортшысы Нао Кусакамен кездеседі.