Қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған.
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «MAN» жүк көлігі мен «Toyota» автокөлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісімен қоса бес жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Өкінішке қарай, қаза болғандардың үшеуі бала.
Балалар Маңғыстау облысында өтетін футбол жарысына бара жатқан.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ақтөбеде жарысқа бара жатқан 3 оқушы жол апатынан қаза болды
baq.kz