BANNER

Париж Олимпиадасына қатыспаған Рыбакина мен Путинцева АҚШ-тағы турнирде ойын көрсетпек

инстаграм желісінен

Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-та өтетін турнирге жолдама алған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Цинциннатиде өтетін WTA 1000 турниріне қатысайын деп жатыр.

"Рыбакина US Open 2021 финалисі Лейла Фернандеспен немесе қытайлық Юэ Юаньмен кездеседі", – делінген турнир жеребесінде.

Еске салсақ, Елена Рыбакина өткір бронхитке шалдықққандықтан, Париждегі Олимпиадаға қатыспаған еді. Артынша Юлия Путинцева да денсаулығына байланысты жарыстан бас тартты.