BANNER

"Сол баяғы жемқорлық": Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірді

Фото: @mussilim

Актер Тәуекел Мүсілім Олимпиадаға қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол Олимпиада нәтижесі туралы қысқаша айтып, еліміздегі жемқорлықты сынады. 

"Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиадаға жұмсаған шығынын салыстырған. Бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар жұмсалған. .