Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы, спорт шебері, бокстан республиканың үш дүркін чемпионы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Бокс федерациясында кадрлық өзгерістер болды.
Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылды.
Айта кетейік, ғасырлар тоғысында Австралияның Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы жеті боксшымен барып, 4 медаль алған еді. Оның ішінде екеуі алтын болды. Сол боксшыларды баптаған Тұрсынғали Еділов болатын.
Тұрсынғали Еділов 1959 жылы Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған.