BANNER

Басы дауға қалған Дәулет Тұрлыхановтың 2 жылға сотталған ұлы жазаланбайды

Фото: видео скрин

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың 2 жылға бостандығына шектеу қойылған ұлы Нұрасыл Болат түнделетіп жүргені үшін жазаланбайды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke  сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғанға қатысты үкім орындау үрдісі 14 тамыздан басталатыны айтты.

«Заңға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адам есепке тұрған сәттен бастап жүзеге асырылады. Егер оның сот жүктеген міндеттері болса, онда ол оларды орындауға міндетті. Егер ол талаптарды екі рет бұзса, іс материалдары үкімді нақты мерзімге ауыстыру үшін сотқа жіберіледі» делінген қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарламасында.

Видео 14-ші тамызға қараған түні жарияланғанына қарамастан қылмыстық-атқару жүйесі бұған қатысты ешқандай жаза болмайтынын айтты. 

Алайда адвокат Олег Чернов депутаттың ұлы заңбұзушылық жасағанын айтады.

«Үкім жарияланғаннан кейін Нұрасыл Болат пробациялық бақылауға алу үшін 10 күн ішінде құжаттарын тапсыруы керек еді. Ол соттың нұсқауын орындады ма, орындамады ма, оны прокуратура тексеруі керек. Алайда Болат үкімді орындаудан жалтарған. Сондықтан бұл пробациялық бақылауды бұзу болып саналады», — деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Анна Чернова өзінің әлеуметтік желісінде Нұрасыл Болаттың Алматыда  түнде серуендеп жүрген видеосына шағым айтқан болатын.