BANNER

Қандай жағдайда оқушылар онлайн оқуға көшеді – Бас санитар дәрігер жауап берді

pixabay.com

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылардың саны өскен кезде, оқушылардың 30 пайызына суық тиіп қалса, бүкіл мектеп қашықтан оқуға көшуі керек. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов шығарған қаулыда осы мәселе де айтылған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары 1 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдарды тұмауға қарсы екпеге дайындау керек.

Нұрқан Сәдуақасов барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарына да ұсыныстар жіберді. Құжатта оқушылардың 20%-ы ауырып қалса, оқытудан бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ 10 күн ішінде балаларды мектепке шақыруға тыйым салынады.

Қазақстанда коронавирустың өршуіне байланысты маска режимі қайта енгізілді

Париж Олимпиадасы жүлдегерлерінен коронавирус анықталуына байланысты президентпен кездесу кейінге шегерілді

"ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық деңгейі жоғарылаған кезде, науқастардың жалпы саны 30%-дан асқан кезде оқушылар онлайн оқытуға көшіріледі. Мектептерге ЖРВИ, тұмау немесе коронавирус инфекцияcы белгілері бар оқушыларды анықтау үшін күнделікті "таңертеңгі тексеру" жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. Егер анықталса, оқушы сабақтан босатылуы керек ", – делінген хабарламада.

Құжатта мектепте ауырып қалған балаларды ата-аналары келгенше оқшаулау ұсынылған. Мектептің әр қабатында және әр кабинетінде қол тазартқыштар орнатылуы керек.

Сонымен қатар балалар жеке гигиена және ЖРВИ, тұмау және Covid-19 алдын алу бойынша тақырыптық диктант жазады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бас санитар дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне маска кию режимін қайтару туралы қаулы шығарған еді.