BANNER

Қарағандыда Венадан келген орган орындаушысының концерті өтеді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда 25 тамызда веналық органшы Стефан Доннер өнер көрсетеді. Концерт Дева Мария Фатимская католик шіркеуінде өтеді. Кіру тегін.

Стефан Доннер Вена музыкалық университетінде орган, фортепиано және дирижерлықты оқыған. Музыкант шеберлік сабақтарын өткізеді, бүкіл Еуропада, сондай-ақ Түркия, Израиль, АҚШ және Австралияда концерттермен жүреді. Халықаралық орган фестивальдерінде үнемі солист ретінде өнер көрсетеді.

Бағдарламада XIX және XX ғасырлардағы композиторлар – Пол Хофгеймер, Петр Планявский, Ференц Лист, Вольфрам Вагнер, Максимилиан Кройц, Йозеф Фридрих Доппельбауэрдің шығармалары орындалады.

Басталуы сағат 15.00-де.

Шіркеудің мекен-жайы: Кеншілер даңғылы, 32.

Концерт Австрияның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.