Қазгидромет 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 17-19 жылы.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 жылы.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 25 жылы. Қарағандыда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, күндіз аздап жаңбыр, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 18-20 жылы.
Ұлытау облысының орталығында жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың орталығында 15, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 жылы. Жезқазғанда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 жылы.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 16-21, облыстың шығысында 14 жылы. Көкшетауда көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 19-21 жылы.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 6-11, күндіз 26-31, облыстың таулы аудандарында 17-22 жылы. Қонаевта көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 жылы.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, орталықта, облыстың таулы аудандарында 5-10 жылы, күндіз 26-31, облыстың таулы аудандарында 23 жылы. Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 28-30 жылы.
Күндіз Түркістан облысының тауларында қысқа жаңбыр, найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың таулы аудандарында 11, күндіз 27-32, облыстың таулы аудандарында 24 жылы. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 жылы.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 27-32 жылы. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 жылы.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Түнде ауа температурасы 8-13, күндіз 16-21 жылы. Павлодарда көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 18-20 жылы.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғады, екпіні секундына 9-14, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 28 жылы. Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғады, екпіні секундына түнде 1-6 метр, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 жылы.