BANNER

Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді

Фото: yandex.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты "зорлық жасады" деп айыпқа қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Instagram-дағы сторисінде адвокатының баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінен үзіндіні жүктеп, былай деп жазды:

"Лас, алып-қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес".

Еске салайық, 26 тамызда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясында даулы сұрақтарға жауап берген еді.

Жанқош Тұраровтың өзі баспасөз конференциясына қатыспады. Адвокатының айтуынша, қазір Жанқош 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Адвокат журналистердің "Жанқош пен Әнару таныс па?" деген сұрағына жауап берді.

"Интернет желісі арқылы хабарласқандары бар, оны жоққа шығармайды. Бірақ та әрі қарай жария ете алмаймын. Уақыты келгенде бәрі анық болады. Таныс".

Адвокат Самат Мамұтов БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

Тұраровтың адвокаты сонымен бірге спортшыны айыптаған қызды сотқа беретінін де айтты.