BANNER

Ақтөбе облысында қайтыс болғандар үй кезегінде тұрған

Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ke сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан аса адам кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар. Алайда тізімнен қателіктер табылған.

"Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден аса азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс нәтижесінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды. Бұл деректер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды.