BANNER

Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз аулада тұрған көлікте жанып кетті

Photo : pixabay.com

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дон ауылында қайғылы оқиға болды. Үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөлікте 10 жасар мектеп оқушысы жанып кетті, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыз бала көліктің ішінен шыға алмаған.

"Көрші үйдің бейнебақылау камераларындағы жазбадан, үйдің ауласында тұрған ВАЗ маркалы автокөліктен өздігінен өрт шыққаны анықталды. Көліктің ішінде болған 10 жастағы қыз бала қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.