BANNER

29 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: yandex.kz

Қазгидромет синоптиктері 29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 22-24 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 жылы.

Қарағанды облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан 9-14 солтүстік-батысқа ауысатын жел, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 жылу. Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Секундына 7-12 метр солтүстік-батысқа ауысатын солтүстік-шығыс жел. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 20-22 жылу.

Ұлытауда жауын-шашынсыз. Секундына 9-14 метр солтүстік-батысқа ауысатын солтүстік-шығыс жел. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде 7, күндіз 23-28, облыстың солтүстігінде 20 жылу. Жезқазғанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Секундына 9-14 метр солтүстік-батысқа ауысатын солтүстік-шығыс жел. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 24-26 жылу.

Шымкентте көшпелі бұлт, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, түнде және таңертең 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 жылы.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Жел оңтүстік - батыстан 9-14 солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кейде секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25 жылу. Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел 9-14, күндіз екпіні 15-20, кейде секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 20-22 жылу.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Секундына 9-14 метр батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 28-33 жылу. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Секундына 9-14 метр батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 29-31 жылу.

Түнде оңтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-батыс, солтүстік 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 18-23, облыстың шығысында 15 жылу. Өскеменде ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыс, солтүстік түнде 1-6, күндіз секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 21-23 жылу.