BANNER

Қытай Қазақстанға АЭС-ті арзанға салып бермек

Фото: yandex.kz

Қытайдың CNNC корпорациясы Қазақстанға екі энергоблоктан тұратын атом электр станциясын 5,6 миллиард долларға салу туралы сенсациялық ұсыныс жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ke сілтеме жасап.

Бұл Түркияда «Росатом» жүзеге асырып жатқан ұқсас жобадан екі есе арзан. 

CNNC жобасы build-operate-transfer (BOT) схемасын пайдалана отырып, нысанды бес жылдан кейін тапсыруды көздейді. Қазақстандағы жобаның бастапқы құны 10 миллиард доллар деп бағаланған, кейінірек бұл көрсеткіш 15 миллиард долларға дейін көтерілді. Ал Түркияда салынып жатқан «Ақкую» АЭС жобасы 24-25 миллиард долларға бағаланды.

CNNC-мен қатар, жоба құрылысы конкурсына корейлік KHNP компаниясы, ресейлік «Росатом» және француздық EDF қатысып жатыр. АЭС құрылысын жүзеге асыру туралы шешім республикалық референдумда қабылданатын болады. Оның нақты мерзімі әлі белгіленген жоқ.

Қазақстандағы атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін өңір-өңірде талқыланып, ашық жиындар өтіп келді. Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері  Алматыдағы дауға толы болған жиынға да, артынша  Астанада өткен ашық жиынға да қатысып қайтқан болатын.