Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желіде жазба жариялап, қызына қатысты тағы бір жақсы жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Аллаға мақтаулар мен мадақтар. Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдау керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдамақ. Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің:” Екі елдің достығы үшін, болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс” деп бар көмегін аямады. Алла көп көрмесінші. Не деген бақыт", - деп жазды әнші.