Президент осы Жолдауында ел экономикасына қатысты көкейдегі өзекті сауалдардың жауабын айтты. Сонымен қатар, Үкімет пен әкімдерге келесі жылға дейін орындалуы тиіс маңызды тапсырмаларды жүктеді.
Бизнесті несиелеудегі мәселелер, жеңілдіктер айрықша назар аударуды талап етеді. Әсіресе, кәсіпкерлердің әлеумет алдындағы жаупкершілігі халық болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Президенттің әр Жолдауы біз үшін маңызды екені белгілі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауын әркім өзіндік өмір принципі мен заңдылығына, тәртібіне сәйкес талдайтыны да анық. Бірақ, еліміздің болашағын жарқын ету үшін жұдырықтай жұмылуымыз тиіс.
Атом электр станциясы. Бүгінде Қазақстан халқын алаңдатып, қоғамда түрлі пікірталас туғызған тақырып – осы. Президент осы тұста халықпен санасу керектігін алға тартып, қазан айында референдум өткізетінін мәлімдеген еді. Елдің тағдырына тікелей әсер ететін референдумға баршамыз қатысумыз керек.
Мемлекет басшысы біздің өңірге айрықша назар аударып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Қарағанды облысына іс-сапармен келуі де тегін емес. Әсіресе, Теміртаудағы металлургиялық зауытта жүргізіліп жатқан модернизациядан жағымды жаңалықтар күтеміз. Сарандағы жаңа өндіріс орындарының ашылуы да ел экономикасына қарқын берері сөзсіз.
Вилен МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ,
ҚХА жанындағы ғылыми – сараптамалық топтың жетекшісі,
профессор