Парижде XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына үш қазақстандық спортшы жүлделі орындарды сарапқа салады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін Париждегі Паралимпиада ойындарында жарыс алаңына шығатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі. Назарларыңызға спортшыларымыздың жарыс кестесін ұсынамыз:
13:40. Пара жүзу. Әйелдер, 50 метрге брасс әдісімен жүзу.
Зульфия Ғабидуллина
20:00. Пара пауэрлифтинг. Әйелдер, 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде. Финал.
Тұрсынай Қабыл
21:34. Пара пауэрлифтинг. Ерлер, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде. Финал.
Давид Дегтярев
22:10. Пара жеңіл атлетика. Ерлер арасында ядро лақтыру. Финал.
Дастан Мұқашбеков
23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, 5-6 орын үшін матч
Қазақстан – Бразилия
Айта кетейік, Еркін Ғаббасов Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салғанын жазған едік.