BANNER

Желіде жаңылтпаш айтқан Қытайдағы қазақ дикторлары көпшілікті тамсандырды

Фото: @maulenqazaq

Әлеуметтік желіде Қытайда жаңылтпаш айтқан қазақ дикторларының видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-дағы maulenqazaq парақшасында жарияланған видеодан қытайлық қандастардың мүдірмей жаңылтпаш айтқанын көруге болады.

"Іле Қазақ аутономиясы", - деп жазба қалдырған автор.

Көпшілік шетелде туып-өссе де, ана тілінде еркін сөйлейтін жүргізушілерге сүйсінген.  

«Шынымен керемет жүргізушілер сияқты», «Қандай керемет жүргізушілер, үндерінің өзі от қой», «Тұнық қазақ емлесі», «Нағыз қазақтар», «Керемет», «Жүргізушілердің сырт келбеті жағымды екен», - деп жазды желі қолданушылары.