"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 5 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын, ал кей өңірде үсік болатынын болжады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 25 м/с болады.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталықта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.