BANNER

Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінде 200 млн теңге жымқырылған

Фото: SputnikKZ

Білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін мамандардың есепшотына заңсыз ақша аударылғаны дәлелденді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім бөлімінде бюджет қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық сот

Қылмыстық істі аудандық сот қарады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін мамандардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді. 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын 9 адам жымқырған", - дейді ведомство.

Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайласы шартты түрде сотталып, бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Келтірілген шығын ішінара өтелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетері, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін адамдардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.