BANNER

Жаңбыр, қар, 3 градус үсік: 7-9 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Aikyn.kz

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Қазгидромет" РМК 7-9 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды, – деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдайды: 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон сілемімен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады.