«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы әдеттегідей барлық басым бағыттарды қамтыды. Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өтетіні белгілі еді.
Алайда, маңызды шешім қабылданар шараның нақты уақыты жарияланбай келген. Жолдауда Президент күнді атады. Референдум – ел мүддесі үшін қабылданатын шешімдерге әр азаматтың үн қосуы. Оған қоғам түгелдей ат салысуы керек. Атом электр станциясы Қазақстанға керек пе, керегі жоқ па? Қоғам әртүрлі пікір ұстанады. Өздерінің ойын көпшілік арасында айтып та, әлеуметтік желілерде жазып та жүр. Бұл өте маңызды мәселе. Біз келесі 3 мың жылдықта энергиясыз қалуымыз мүмкін. Сондықтан, бізге АЭС салу керек деп ойлаймын.
Жарқын АЛИПОВА,
зейнеткер