BANNER

«Ақтаудағы сарбаздың өлімі»: Марқұмның әкесі сотты ашық өткізуді сұрады

Фото: orda.kz

Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне ашық хат жолдап, ұлының өліміне қатысты істі мұқият әрі тәуелсіз тергеуді талап етті. Ол куәгер болған сарбаздардың қысымға ұшырағанына және қорқып отырғанына алаңдағанын айтты.

 

«Байқағаным, баламмен қызметте болған жігіттер қорқып қалған. Осы оқиға туралы сөз қозғаса болды, көздерін тайдырып әкетеді. Оларды кімнің, қалай қорқытқаны белгісіз», — деді әкесі.

Ол қолында сол күнгі оқиғаларды сипаттаған сарбаздардың бейнежазбалары бар екенін айтты.

Әкесінің айтуынша, ұлын палатка ішінде офицер атып өлтірген:

«Офицер ұлыма қаруын көздеп, алдымен шүріппені басқан, бірақ дыбыс шықпаған. Содан кейін қайта оқтап, тағы да көздеген», — деп баяндады ол. 

Әкесі бұл істің қоғам алдында ашық әрі әділ түрде жүргізілуін талап етіп, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне ұқсас сот өткізуді сұрады. Ол осылайша жұрт істің әділдігіне көз жеткізе алады деп үміттенеді.

 

Еске сала кетсек, міндетті мерзімді әскери қызметті жоюға шақыратын петиция жарияланды.