BANNER

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарларын қызметінен босатты

Фото: SputnikKZ

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.