BANNER

АЭС салудың ел дамуына ықпалы зор

Сурет: pixabay.com

Атом электр станциясының құрылысы іргелес аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуына айтарлықтай әсер етуі және ол көп қырлы болуы мүмкін.

Біріншіден, атом электр станциясын салу жұмысшылар мен мамандарды көптеп тартуды талап ететін сауда, қоғамдық тамақтандыру, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында қызмет көрсететін жергілікті бизнестің өркендеуіне ықпал етеді. Құрылысшылар мен өндіріс орындарының жұмысшылары тарапынан осы қызметтерге сұраныстың өсуі жаңа кәсіпорындардың ашылуы мен кеңеюіне серпін береді. Екіншіден, атом электр станциясын салу мен пайдалану айтарлықтай материалды,жабдықтар мен техникалық қызмет көрсетуді де талап етеді. Мұндай тауарларды өндірумен және жеткізумен айналысатын жергілікті компаниялар жаңа келісім-шарттар мен бизнес жасау мүмкіндіктерін алуы ықтимал. Бұл жаңа бизнестің дамуына күш беріп, жұмыс істеп тұрғандарын қосымша ынталандырады.Сонымен қатар жергілікті бизнесте жоғары сапа мен инновацияны кеңейтеді. Үшіншіден,атом электр станцияларының ұзақ мерзімді жұмысы тұрақты жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Тұтастай алғанда, мұндай жобалар жақын маңдағы аймақтардың экономикалық дамуының катализаторы болып, жұмыс орындарын құруға және бизнесті дамытуға зор ықпал жасайды.

Қазбек ТАЛАШЕВ,

Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің директоры.