Бүгінгі таңда ЭКҰ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне кіреді және қазақстандықтарға көрсеткіштер болған жағдайда тегін беріледі.
«Ақжан» клиникасы МӘМС шеңберінде көмекші репродуктивті технология (КРТ) бағдарламасының толық циклін өткізетін Қарағанды облысындағы жалғыз орталық болып табылады. 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде ЭКҰ іске асыру басталды және 2024 жылдың қыркүйегіне дейін орталықта МӘМС жүйесі шеңберінде 536 ЭКҰ орындалды. ЭКҰ-ның бір процедурасына 1,2 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады.
2023 жылы «Аланда» клиникасының акушерлік бөлімінде салмағы 3540 гр және бойы 55 см Аврора деген бала дүниеге келді. Көптен күткен өзінің дүниеге келуімен нәресте 1 тамызда ата-анасын қуантты.
«2022 жылы біз «Ақжан» клиникасына келдік, өйткені ұзақ уақыт бойы аяғым ауыр болмай жүрді, бұған дейін тексеруден өткенбіз. Жүктілік жоспарлауға белсенді дайындала бастадық, зерттеулер жүргіздік және әртүрлі әдістерді қолдандық. Бірақ нәтиже болмады. Репродуктолог квота бойынша ЭКҰ бағдарламасын ұсынды. Жолдасым андрологқа тексеріліп, емделді, мен, тиісінше, репродуктологта емделдім. Шынымды айтсам, мұндай технология бізге жетеді деп ешқашан ойлаған емеспіз. Бірақ біз тәуекел деп көрдік және керемет нәтижеге қол жеткіздік», - деді Аврораның анасы Маргарита Ловягина күлімсіреп.
«Ақжан» клиникасында көмекші репродукцияның барлық әдістері мен кезеңдері жүзеге асырылады: ЭКҰ, ИКСИ, ПИКСИ, донорлық жасушалары бар ЭКҰ, эмбриондарды, аналық клеткаларды, сперматозоидтарды криоконсервациялау.
«Көмекші репродуктивті технологияның заманауи әдістемелерін қолдана отырып, біз бастапқы диагностикадан бастап ЭКҰ хаттамасын сәтті жүргізуге дейінгі бедеулікті емдеу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынамыз. Жұмыс барысында біз ең озық репродуктивті технологияларды, дәлелденген әдістемелерді және заманауи медицинаның соңғы жетістіктерін белсенді түрде енгіземіз», - дейді репродуктолог Ирина Петровец.
Квота алу үшін әйелдің мәртебесі анықталуы керек: ол МӘМС қатысушысы немесе жеңілдікті санатта болуы. Егер қандай да бір себептермен оның «сақтандырылмаған» мәртебесі анықталса және бұл ретте ол жеңілдікті санаттардың ешқайсысына жатпаса, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы тексеру жүргізе алмайды, диагноз қоя алмайды және ЭКҰ квотасына өтініш бере алмайды.