Қазіргі əлем бізден тек бүгінгі күнімізге ғана емес, сонымен қатар, болашағымызға да əсер ететін маңызды шешімдер қабылдауды талап етеді. Қазақстандағы маңызды шешімдердің бірі – атом электр станциясын (АЭС) салу мəселесі. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен бұл мəселеге ерекше ден қоямын. Өйткені, бұл – еліміздің болашағына елеулі үлес қосатын тың жоба.
Негізінде, таразыласақ, АЭС – энергетикалық тəуелсіздікке жетудің маңызды қадам. Қазақстанның энергетика саласында үлкен əлеуеті бар, ал, атом энергиясы қазіргі жəне болашақ ұрпақты тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін сенімді қайнар көзге айналады. АЭС салу мəселесі бойынша референдум өткізу идеясы мемлекеттің азаматтардың пікіріне назар аударатынын жəне шешім қабылдауда ашықтықты көздейтінін көрсетеді. Бұл еліміздегі демократиялық үдерістердің дамуының белгісі, менің ойымша, бұл мықты жəне əділетті қоғам құрудың маңызды элементі болып табылады. Мен жастардың осындай маңызды мəселелерді талқылауға қатысуына ерекше мəн беремін. Жастар – біздің еліміздің болашағы жəне олардың шешім қабылдауға белсенді қатысуы осы үдерістердің Қазақстанның дамуы үшін маңыздылығын түсінуді күшейтеді. Меніңше, АЭС құрылысы елімізге елеулі артықшылықтар əкелуі мүмкін. Ол – энергетикалық тəуелсіздік, экономиканың тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы жəне инфрақұрылымға инвестициялар тарту. Педагог ретінде менің міндетім – жастарға осы үдерістердің маңыздылығын жеткізіп, оларды мұндай шешімдерді талқылауға қызығушылық танытуға қолдау көрсету. Қазақстанда АЭС салу энергетикалық қауіпсіздік пен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдімін. Бұл мəселеге қатысты референдумға азаматтардың қатысуы біздің қоғамның кемелдігін жəне ортақ игілік үшін маңызды шешімдер қабылдауға дайын екенін көрсетеді.
Даяна ХАМИТЖАНОВА,
«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары.