Қазақстанға Балқаш өңірінен екі жолбарыс әкелінді, - деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жыртқыштың бұл түрі суық ауа райына шыдай алатыны атап өтіледі.
"Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру үшін ұрғашы және еркек жолбарыс Нидерландыдан әкелінді. Қазақстанда олар Іле-Балқаш резерватына орналастырылды. Бұл суық ауа райында өмір сүруге бейімделген амур жолбарыстары", - делінген хабарламада.
Еске салайық, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жолбарыстарды жерсіндіру жоспарлары туралы айтқан болатын. Ол биыл қыркүйекте Нидерландыдан екі жолбарысты, келесі жылы Ресейден тағы үш-төрт жолбарысты әкелу жоспарланып отырғанын айтты.