BANNER

Дуров Telegram құқық бұзғандардың IP мекенжайы мен телефон нөмірін тиісті органдарға беретінін айтты

Фото: yandex.kz

Telegram мессенджерінде қызмет көрсету шарттары мен құпиялылық саясаты жаңартылды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап. 

Павел Дуров өзінің арнасында Telegram-дағы іздеуді заңсыз тауарларды сату үшін қызмет көрсету шарттарын бұзған адамдар теріс пайдаланғанын айтты. Оның айтуынша, соңғы бірнеше аптада жасанды интеллектті қолданатын арнайы модераторлар тобы Telegram іздеуді әлдеқайда қауіпсіз етті. Сонымен қатар "проблемалық контент" жойылды. 

"Қылмыскерлердің Telegram іздеулерін теріс пайдалануына жол бермеу үшін біз бүкіл әлем бойынша бірізділікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету шарттарын және құпиялылық саясатын жаңарттық. Біздің ережелерімізді бұзғандардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлері негізделген заңды сұрауларға жауап ретінде тиісті билік органдарына берілуі мүмкін екенін анық көрсеттік", - деп жазды Дуров. 

Ол Telegram-дағы іздеу заңсыз тауарларды жарнамалау үшін емес, достар мен жаңалықтарды табуға арналғанын айтты.