BANNER

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың ағасына 16 млн теңге ақша береді

Фото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амнгелдінің түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіріп алатын болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.

Айтбек Амангелді қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындарды өтеуді де талап еткен.

"Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап-арызды ішінара қанағаттандырды", - деп мәлімдеді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Осылайша Қуандық Бишімбаевтанқылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық зиян өндірілетін болды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.