Қарағандыда Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Абай ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйге барып, сыйлықтарын табыстады.
№34 мекеме қызметкерлері жыл сайын 1 қазанда тойланатын Қарттар күніне орай зейнеткерлерге барып, қарттарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіп, мекемеде жасалған тағам түрлері «тоқаш, жартылай дайын өнімдерді» сыйлады. Әлеуметтік мекеме әкімшілігі мен интернат тұрғындары мекеме басшылығы мен ұжымына ілтипат білдіргені үшін алғыстарын білдірді. Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызылов атап өткендей, «Қарттар күні – даналық, мейірімділік және құрмет күні!». Аға ұрпаққа біздің қамқорлығымыз бен ілтипатымыз қажет екенін бәрімізге тағы бір мәрте ұғындырған мереке.