Әлеуметтік желіде Алматы облысында анасы екі жасар мүгедектігі бар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат пайда болды. Полиция департаменті оқиғаны растады, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Боралдай ауылында болған.
"Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.