BANNER

«Динозавр» дауыс берді

фото автордан

 

Қарағандыдағы №41 референдум учаскесіне динозавр болып киініп келген дауыс беруші жұртты сүйсіндірді.

Оның қимыл-қозғалысы, әсіресе, дауыс беру аймағына бойы сыймай, сонда да талпынып кірген сәті учаскедегілердің жүзіне күлкі үйіріп, бір көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сөйтсек, дауыс беру құқығына алғаш ие болған Ернар есімді Қарағанды тұрғыны екен.
— Дауыс беру құқыма ие болған соң көңілденіп, учаскеме ерекше барғым келді. Бастысы, учаскедегілерге күшті көңіл күй сыйлағым келді. Өзім де бюллетеньді алғаннан соң, таңдауымды жасайын деп дауыс беретін аймаққа кіре алмай қойдым. Сөйтіп, тағы бір адам көмекке келіп, әйтеуір амалын тауып, кірдім. Халық риза болып, “бәрекелді!” десті. Еліміздің ертеңі үшін шешім қабылдауымыз керек. Ол үшін бәріміздің дауысымыз маңызды. Референдум — елдің өз таңдауына берілген мүмкіндік, — дейді Ернар Ракишев.
Азаматтық шешімін қабылдап, таңдауын ерекше жасаған Ернарға ел риза болысты.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ