BANNER

Шетелдегі барлық референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады

Сурет: Мақсат Шағирбай/Kazinform

59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамға жетті. Бұл дауыс берушілердің 81.06% келуін қамтамасыз етті. Бұл туралы ҚР Сырткы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. 6 қазанда 7,8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы.

Еске салайық, кеше қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы екені айтылды.

Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.

«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты»: exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.

Еуразиялық интеграция институты: Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8%-ы «Иә, келісемін» деп жауап берген, қалған 28,2%%-ы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған.