BANNER

Қарағандыда Шахтер кентінің тұрғындары орталық жылу жүйесіне қосылды

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды қаласының Пришахтинск шағын ауданына қарасты Шахтер кентінде 30 жылға жуық орталық жылу болмаған. Осы уақытқа дейін тұрғындар пәтерін пешпен немесе электр құрылғыларымен жылытып келген. Көпжылдық мәселе шешілді. Жаңа жылу трассасынан 33 көпқабатты үй жылытылады. Келесі жылы қалған 29 үйді қосу көзделген.

Қала әкімдігі үйішілік желілерді қалпына келтіру үшін тұрғындар Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының пайызсыз несиесін пайдалана алғанын атап өтті. 

Бұған "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы" бағдарламасы көмектесті.

4 қазанда алғашқы жылу жіберу жүргізілді.

– Пәтерлер жылы. Біз бәріміз қуаныштымыз. Осы күнді көп күттік, енді міне арманымыз орындалды! Барлығы жақсы жұмыс істеп тұр, батареялар жылы. Бізге бөліп төлеу мүмкіндігін бергені үшін рахмет айтамыз, оны да рәсімдеуге көмектесті. Осындай соманы әркім бірден өз қалтасынан төлей алмайды, – дейді Шахтер кентінің тұрғыны Ольга Иванова.