BANNER

Бұрынғы судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

Экс-судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді, - деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін желіде судьяның бірден бірнеше бап бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болған еді.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Хабарламада Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаны айтылған. Күдікті полицияға жеткізілді және қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Светлана Жолмановаға 2021 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Содан кейін экс-судья мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктелетіні хабарланды.