BANNER

Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталып жатыр

pixabay.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде өндірілген көмір қай елдерге экспортталып жатқанын нақтылады.

«Жыл сайын өндірілген көмірдің 25-30 пайызы экспортталады. Экспорт нарығының негізгі тұтынушылары — Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркия, Европа мемлекеттері», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Биылдың соңына дейін 112,7 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Көмір өндіруші кәсіпорындардың жедел деректері бойынша осы жылдың 9 айында 77,7 млн тонна көмір өндірілді

Былтыр Қазақстан 31,2 млн тонна көмір экспорттады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындық болмауы керек екенін тапсырды.