Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде өндірілген көмір қай елдерге экспортталып жатқанын нақтылады.
«Жыл сайын өндірілген көмірдің 25-30 пайызы экспортталады. Экспорт нарығының негізгі тұтынушылары — Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркия, Европа мемлекеттері», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Биылдың соңына дейін 112,7 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Көмір өндіруші кәсіпорындардың жедел деректері бойынша осы жылдың 9 айында 77,7 млн тонна көмір өндірілді.
Былтыр Қазақстан 31,2 млн тонна көмір экспорттады.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындық болмауы керек екенін тапсырды.