BANNER

Қазақстандық дзюдошы мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінде медаль иеленді

stan.kz

Қазақстан құрамасы Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирін үш қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап .

Әбу-Дабиде дзюдодан Гранд Слэм жарысы аяқталды. Бәсекенің үшінші күнінде қыздар арасында аса ауыр салмақта сынға түскен Назгүл Маратова қола медаль еншіледі. Отандасымыз қола жүлдеге таласта қосымша уақытта  Анастасия Холодинадан айласын асырып, алғаш рет мансабында  Grand Slam турнирінде медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Әбу-Дабидегі турнирді 3 қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін  Дәурен Сүйеукенов (60 келі) пен Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанған еді.