BANNER

Президент жарлығымен өрт сөндіруші Хали Хайратқа қайтыс болғаннан кейін "Ерлгі үшін" медалі берілді

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

ҚР Президентінің Жарлығымен құтқарушы Хали Хайрат қайтыс болғаннан кейін "Ерігі үшін" медалімен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан марапатты қаза тапқан өрт сөндірушінің туған-туыстарына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыс етті.

– Бүгін біз өз өмірін басқа адамдарды құтқару үшін құрбан еткен батырды еске алуға жиналдық. Біз оның ерлігін ұмытпаймыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мемлекеттік награданы табыс ету рәсіміне өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері қатысты. Марқұмның ерлігі олар үшін қызметке деген адалдықтың үлгісі болады.

– Ел Президентіне біздің батыр әріптесімізді марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетті, оның жанқиярлың еңбегінің арқасында бірнеше жан өоім аузынан арашалынып қалды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады, – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.