Бейбіт Әлібеков алаяқтардың өзінің көлігімен қауіпті трюк жасау кезінде көз жұмған жігіттің отбасына ақша жинап жатқанын ескертті.
Әлібеков бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, ешқандай қаражат жинап жатқан жоқ.
"Бұл алаяқтар. Ешкім ешқандай қаражат жинап жатқан жоқ. Сақ болыңыздар!", - деді ол.
Еске салсақ, Алматыда блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк жасаған жас жігіт қаза тапқанын жазған едік.