BANNER

Вокзалда сыра үшін шу шығарған төрт адам ұсталды

Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері Қазалы вокзалында ұсақ бұзақылық жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Polisia.kz мәліметінше, олар 26 және 27 жастағы Қызылорда облысының төрт тұрғыны болып шықты.

Оқиға Қызылорда облысы Қазалы станциясының теміржол вокзалының перронында орналасқан дәмханада болған. Тексеру барысында белгілі болғандай, ер адамдар сыра сатып алғылары келген, алайда оны сатудан бас тартылғаннан кейін, олар вокзал маңында орналасқан дәмхананың есігін тепкілеп, қызметкеріне қатысты балағат сөздер айтқан, - делінген мәліметте.

Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды.